Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп туралы

Автор: admin от 1-09-2014, 18:19, посмотрело: 1117

14

 

Мектеп туралы

 

 Қарасай батыр атындағы орта мектеп тарихы

 

Үшқоңыр ауылы шағын болса да, талай-талай тарихи оқиғаларды басынан кешкен. Сол тарихтың бір тармағы Фурманов мектебінің іргетасы сонау патшалы Ресей заманында қаланды. 1911 жылы діни және жазу сызуды үйрететін күндізгі мектеп ашылды.

Білім алушылар өте аз болды, аухаттылардың балалары оқыды.

 

1917 жылғы революциядан кейін 1919 жылы Шамалған ауылында алғашқы бастауыш мектеп ашылды. Сол кездегі мектеп дәрежесі өте төмен болды.

 

1929-1930 жылдары мектеп орыс-қазақ сыныптары болып екіге бөлінді, кейін кешкі мектептер ашылған кезде, күндіз балалар оқыса, кеште ересектер сауатын ашты.

 

1920-1930 жылдар сауатсыздықты жою Шамалған ауылында жүріп жатты.

 

Мектеп жетекшісі Богданов болды, көмекшісі Бородумен. 1930 жылдан кейін мектепке Фурманов атын беріп, жеті жылдық мектеп болып тағайындалды. Мектепте 1932 жылы құрылған комсомол ұйымының рөлі өте жоғары болды.

 

1940 жылы комсомол саны 60-қа жетті.

 

1933 жылы Мадиев мектеп директоры болып тағайындалды.

 

1940 жылы музыка үйірмелері құрылды, оның жетекшісі Гаврин, ал директоры Журба.

 

1944-1945 жылдары математика пәнінің мұғалімі Панар Есімқызы директордың орынбасары қызметін атқарды. Соғыс жылдарында мектеп өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Түске дейін білім алса, түстен кейін ауыл шаруашылығына көмектесті. Бұл кезде бес оқу корпусы болды, қазіргі Киров көшесінің бойында, мектепте 450 оқушы және 50 оқушыға интернат болды. Жеке кластық білім берді.

 

1955-1956 жылы орта мектеп болды, директоры Сүлейменов тағайындалды. Алғашқы он жылдық түлектер мектепті аяқтады. Барлығы -21, оның 4 қазақ балалары еді. 1960 жылдары 1150 бала білім алды. Оныншы класс үшеу, тоғызыншы класс төртеу, бірінші класс алтау болды.

 

Жалпы мұғалімдер саны 63 жетті. Сол кездегі жас мұғалімдер Поменова А.Я, Дашер Н.Ф, Адильбекова Е.К.

 

1955-1967 жылдар арасында 456 оқушы мектеп бітірсе, оның 19-ы медальмен бітірді.

 

Мектепте Лиза Чайкина атындағы дружина жұмыс істеді. Пионерлер қатарында 600-ге жуық оқушы болды. 1965-1975 жылдар арасында мектепте 1750 оқушы болып, мұғалімдер саны 70-ке жеті, 13 үйірме жұмыс істеді. Физика, химия кабинеттері жабдықталды. Жаңа технология енгізіліп, диафильмдер көрсетіле бастады.

 

Осы жылдары мектеп ішінде кітапхана ашылып, балалардың деңгейі өсті. Сол кездегі кітап қоры 4000 дана болған.

1974 жылы жаңа мектеп салынып, салтанатты ашылу рәсімі болды. Мектеп директоры Абдулкаримов Т.А. сөз сөйлеп, оқушыларға сәт-сапар тіледі.

Мектеп туралы

Категория: Мектеп

 

Құрмет грамотасымен марапатталды

Автор: admin от 1-09-2014, 18:08, посмотрело: 466

6 Қ.Байсейітов атындағы  саз колледжінің  Құрмет грамотасымен  марапатталды.  Музыкалық   жетекшісі  Тергенбаева  Майнұр.

Құрмет грамотасымен  марапатталды

 


 


Категория: Мектеп дәстүрі

 

Жетісу жұлдыздары” облыстық байқауынае

Автор: admin от 1-09-2014, 18:06, посмотрело: 349

1 "Жетісу жұлдыздары” облыстық  байқауының І орын иегері ,Дельфийлік ойындар байқауының  І орын иегері  6 "А” сынып оқушысы Қыстауов Азамат!

Жетісу жұлдыздары” облыстық  байқауынае

 


Категория: Мектеп дәстүрі